- admin
- 22.11.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
22 қарашада Қостанай политехникалық жоғары колледжінде студенттер арасында құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталған «Жауапкершілік – біздің таңдауымыз» атты интеллектуалды ойын өтті.
Шара заң саласында өз білімдерін көрсеткен 30 студенттің басын қосты. Ойын барысында студенттер түрлі сайыстар мен викториналарға қатысып, қылмыстық құқық саласындағы терең білімдерін көрсетті.
Қатысушылар өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы сұрақтарға жауап беріп, заңға байланысты өмірлік жағдайларды сараптады. Әсіресе, «әкімшілік жауапкершілік» және «кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» заңдарын анықтауға бағытталған тапсырмалар ерекше қызығушылық тудырды.
Ойын командалық жарыс форматында өтті. Бұл бәсекелестік атмосферасын құруға және қатысушылардың құқықтану пәніне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Мускина Ж. Ж., педагог-ұйымдастырушы
#Біртұтас_тәрбие