- admin
- 17.03.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 14 наурызында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің базасында жұмысшы мамандықтар жылының аясында дәстүрге айналған “Табысқа жету жолы-2025: Білім. Ғылым. Мамандық” атты халықаралық ғылыми-практикалық байқау өткізілді . Байқау “Әдістемелік орталық” КММ жұмыс жоспары аясында офлайн және онлайн түрде өтті.
Қостанай облысы, Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Риддер, Семей, Тараз және Орал қалаларының колледж студенттері, сондай-ақ Миасса, Златоуст, Челябинск (Ресей Федерациясы), Минск (Беларусь Республикасы) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері болашақта ғылымда, IT-салада, энергетикада, өнеркәсіпте, көлікте, жаңа материалдар мен технологияларды әзірлеуде, тамақ өнеркәсібінде, білім беруде және мәдениетте серпіліс жасауы мүмкін болатын өз идеялары, бастамалары мен жобаларын таныстырды. Қазылар алқасының шешіміне болашақ технологияларының өзекті мәселелерін, тамақ индустриясындағы инновацияларды, қоғам өмірінің барлық салаларын цифрландыруды, STEM жоғары технологияларын практикалық қолдануды, экономика мен қаржыдағы заманауи үрдістерді, бүгінгі рухани мәдениеттегі жаңа үрдістерді зерттеуге арналған 200-ден астам ғылыми жұмыстар ұсынылды.
Халықаралық ғылыми-практикалық конкурс аясында алғаш рет «Педагогтердің тәжірибесін жинақтау бойынша ТжКБ педагогтарының кәсіби дамуы» атты № 7 секция ұйымдастырылды.Педагогикалық қызмет тәжірибесін ұсынған осы секцияның 35 қатысушысына тәжірибені жалпылау сертификаттары табысталды.
Қазылар алқасының жұмысына Қостанай жоғары оқу орындары мен колледждерінің профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, мектеп мұғалімдері мен серіктес кәсіпорындардың мамандары жұмылдырылды. 6-секция жұмысының қорытындысы бойынша 9 жұмыс құрметті бірінші орынға, 16 – екінші, 21 – үшінші орынға және 30 жоба түрлі номинацияларда марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.




