- admin
- 24.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 20 қыркүйегінде Қостанайда поп-мәдениет жанкүйерлеріне арналған ең жарқын оқиғалардың бірі – FANFESTKST2025 фестивалі өтеді. Қала тағы да аниме, сериалдар, дорамалар, ойындар мен кино жанкүйерлерінің басын қосатын орталыққа айналады.
Фестиваль шығармашылықты, косплейді және тікелей қарым-қатынасты біріктіріп, әрбір қонаққа сүйікті әлемінің бір бөлігі болуға мүмкіндік береді.
Фестиваль бағдарламасында:
- Косплей-шоу – дефиле, сахналық көріністер, би қойылымдары және арнайы «зұлым кейіпкерлер» номинациясы;
- Фотозоналар – жарқын суреттерге арналған стильді алаңдар;
- Жәрмеңке – авторлық бұйымдар, мерч және жергілікті шеберлердің сувенирлері;
- Фудкорт – тақырыптық тағамдар мен сусындар;
- Интерактивті аймақтар – квиздер, ойындар, сайыстар және түрлі белсенділіктер;
- Хедлайнерлер мен қонақтар – танымал тиктокерлермен, әртістермен және фандом мәдениетінің өкілдерімен кездесу.
Фестивальдің ұйымдастырушысы – өңірдегі серіктестер мен шығармашылық бастамалардың қолдауымен «Энканто еріктілер командасы» еріктілер ұйымы.
Фестивальдің еріктілері қатарында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері болды: Мария Ковалёва (Б-5), Глеб Кузьменко (Э-15) және Оспан Ұлжан (ПО-7).
Ал колледждің мәртебесін көтерген студент – Рамазан Юлдашев, ол косплей-шоуға қатысып, жүлделі орынға ие болды.
Сейдахметова Ж.Ж., педагог-ұйымдастырушы
#адал_азамат





