- admin
- 05.09.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
2022 жылдың 2 қыркүйегінде № 1 оқу-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Отырыстың мақсаты: жаңа оқу жылында колледждің әдістемелік қызметі мен кафедраларының жұмысын ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік кеңес колледждегі білім беру қызметіне құзыретті басқарушылық әсер етеді, оның дамуын талдайды, осы негізде әдістемелік жұмыс пен білім беру қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді.
2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік кеңестің құрамына: оқу-әдістемелік кеңестің төрағасы, директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Кайпбаева, оқу-әдістемелік кеңестің хатшысы, әдіскер С.Э. Каркабатова, ОӘК меңгерушісі Б.З. Аяганова, әдіскер У.Ж. Казиева, мемлекеттік тілдегі ақпараттық-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Г.С. Журсиналина, орыс тіліндегі ақпараттық-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі. В.В. Задорожнюк; әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Т.К. Жұмағұлова, технологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі М.Б. Ахмадиева, техникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.Б. Сағандықова, дене шынықтыру және БӘжТД кафедрасының меңгерушісі В.В. Шишкин, электротехникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі А.В. Бондарева.
Оқу-әдістемелік кеңестің күн тәртібі колледждің 2020 – 2025 оқу жылына арналған стратегиялық даму жоспарында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру ретінде айқындалған. Отырыс барысында Оқу-әдістемелік кеңестің жұмыс жоспары, кафедралардың, Студенттік ғылыми қоғамның, Жаңадан бастаған оқытушылар мектебінің, Озық тәжірибе мектебінің, оқытушылардың шығармашылық топтарының жұмыс жоспарлары қаралып, бекітілді, сондай-ақ авторлық оқу-әдістемелік құралдарды лицензиялау жөніндегі жоспар, колледждің медиа-жоспары, біліктілікті арттыру жоспары, оқытушыларды аттестаттау жоспары, жұмыс оқу бағдарламалары қаралды, пәндік онкүндіктерді өткізу кестесі қаралып, келісілді.
Материалды дайындаған директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Қайпбаева Ж. Ш.