- admin
- 04.02.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылы 31 қаңтарда Заречное селосында “Sport Life” ДСК базасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 36 жылдығына арналған Қостанай облысының “Жас сарбаз” әскери-патриоттық клубтары арасында әскери жекпе- жек ұрыстан облыстық турнир өтті.
Іс-шараның мақсаты-әскери борыш пен Отанға адалдық туралы түсінік қалыптастыру, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және спорттық шеберлікті арттыру.
Облыстық турнирге 14 команда, оның ішінде “Жас сарбаз” ӘПК-ның Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері қатысты. Ережеге сәйкес команда құрамы 8 адам (16-17 жас аралығындағы ер балалар) қатысты. Бұл А-3, М-12, М-13, М-14 топтарының студенттері.
Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша жеке және командалық әскери жекпе-жек ұрыс ережелеріне сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша “Жас сарбаз” ҚПК студенттері Қунақ Рамазан мен Шабанов Аслан екінші орын алғаны үшін дипломдармен және медальдармен марапатталды.



Ақпаратты АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары
Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.
#Біртұтас_тәрбие