- admin
- 23.10.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 21–22 қазанда Тобыл қаласында Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі базасында Республика күніне арналған Қостанай облысының «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары арасындағы әскери жекпе- жек күресінен ашық турнир өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында әскери борыш пен Отанға адалдық туралы түсінік қалыптастыру, әскери-патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ қатысушылардың спорттық шеберлік деңгейін арттыру.
Облыстық турнирге төрт команда қатысты, оның ішінде Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері – «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының өкілдері де бар. Ереже бойынша, команда құрамында алты адам болды (16 -17 жастағы ер балалар) – М-11, М-13, М-14 және ПО-8 топтарының студенттері.
Жарыстар әскери жекпе-жек күресінің ережелеріне сәйкес өткізілді. Турнир қорытындысы бойынша жеке есепте «Жас сарбаз» ӘПК студенттері келесі нәтижелерге қол жеткізді:
– Наурызбаев Ринат – I орын,
– Мариненко Дмитрий мен Тұрсынмамет Әлижан – II орын,
– Нысанбаев Қуаныш – III орын.
Жеңіске жеткендер дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Ақпаратты АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары
Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.






