- admin
- 19.05.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 16 мамырында Қостанай қаласының № 6697 әскери бөліміне бірінші курс ПО-9, СТ-8, М-14, ХП-25, ЭС-24 студенттері үшінэкскурсия ұйымдастырылды.
Рота командирінің орынбасары, ТӘҚЖ бөлімшесінің бастығы майор Д. А. Нұрғожаев студенттермен өте қызықты және танымдық әңгіме өткізді.
Сарбаздардың әскери қызметі қалай? Әскери қызметшілердің тұрмысы неден құралады? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері жауап алды.
Жастарға сарбаздар асханасы, казармалық үй-жайы, қару-жарақтың негізгі түрлері, оқ-дәрілер мен әскери қызметшілердің киім-кешектері көрсетілді.
Балалар кинологиялық қалашыққа барды, онда қызметтік-іздестіру иттерінің құқық бұзушыны іздеу және ұстау кезіндегі әрекеттері көрсетілді.
Экскурсияның қорытынды бөлімінде акт залында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы фильм көрсетілді.
Әкери бөлімге барғаннан кейін, балалардың бірі, өзінің болашақ тағдырын әскери қызметпен байланыстыруы мүмкін.
Ақпаратты АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары
Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.
#ЖеңіскеБірге





