- admin
- 17.04.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 16 сәуірінде Қостанай жоғары политехникалық колледжінде ҚР ҚК құрылуының 33 жылдығына және ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына арналған 1 курс студенттері арасында әскери-спорттық эстафета өтті.
Іс-шараның мақсаты: қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жасөспірімдерді ҚР ҚК қызметіне дайындау.
Аталған іс-шараға ПО-8, ПО-9, М-14, А-3, ХП-25, ХП-26, СТ-8, ТЗ-30, Э-15, ЭС-24 топтарының студенттері қатысты.
Балалар эстафетада жарысты. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды: қаруды бөлшектеу және жинау, оқжатарды патронмен оқтау, пневматикалық қарудан ату, граната лақтыру, алғашқы медициналық көмек көрсету.
Өткізілген әскери-спорттық эстафетаның қортындысы бойынша бірінші орынды М-14 топ командасы, екінші орынды ПО-8 топ командасы, үшінші орынды ТЗ-30 тобының командасы иеленді.
Ақпаратты АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары
Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.
#Біртұтас_тәрбие





