- admin
- 17.02.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 13-14 ақпанда Рудный политехникалық колледжінің базасында шахматтан колледждер арасында Қазақстан Спартакиадасының облыстық кезеңі өтті. Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен 20 ТжКБ командасы қатысты.
Қостанай жоғары политехникалық колледжінің атынан үш ұл және бір қыздан тұратын команда қатысты:
1. 1-тақта – Притиск Никанор (3СТ-6 топ, команда капитаны)
2. 2 тақта – Мирамов Жақсылық (2ПО-5 топ)
3. 3 тақта – Тайғарин Айдын (2ПО-5 топ)
4. 4-тақта – Радмила Әмірғалиева (1ББ-1 топ)
Қыңыр әрі тартысты өткен тартыста Қостанай жоғары политехникалық колледжінің шахматшылары 29 ұпай жинап, жеңімпаздардан 0,5 ұпай ғана ұтылып, екінші орынға тұрақтады.
Ақпаратты дене шынықтыру мұғалімі Е.Б.Кравченко дайындады.


