«Сен және Заң» тақырыбындағы тәрбие сағаты

11 ақпанда Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Сен және Заң» тақырыбында 2Б-4 және 4ХП-21 топтарында ашық кураторлық сағаты өткізілді.

          Іс-шараның негізгі мақсаты –  күнделікті өмірде заң білімін қолдана білу, қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қолдау жөніндегі бастамаларға қатысуға дайын болу, жалпы әл-ауқат пен қауіпсіздікті ілгерілету үшін жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақтау қабілеті; төтенше жағдайларда өзін ұйымшыл және сабырлы ұстай білу, жаңа идеялар мен тәсілдер жасай білу, қолданыстағы жүйелер мен процестерді дамытуға және жақсартуға ықпал ету.

Кураторлық сағат барысында Д. К. Ахметжанова мен А.Ж. Кужахметова студенттерге бір-біріне тілектер айтуды ұсынып, әр топ бір-біріне тілектер айтты, содан кейін қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік жауапкершілік кластерін құру туралы тапсырмалар берілді. Сондай-ақ әр топқа жағдаяттық тапсырмалар  берілді.

Іс-шара соңында студенттер теріс қылық жасау арқылы олар заңды бұзып қана қоймай, туыстары мен басқа адамдарға зиян тигізетінін түсіну керек деген қорытындыға келді.

Ақпарат дайындағандар:                           Ахметжанова Д.К.,  Кужахметова  А.Ж

#біртұтас_тәрбие


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
177 queries