- admin
- 18.02.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
17 ақпанда 2026 жылы Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Ұшқыр ой алаңы» жобасын іске асыру аясында «Сен және Заң» тақырыбында дебат өтті. Іс-шараға колледждің дебат қозғалысы фракцияларының 10 студенті қатысты.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға жауапкершілік сезімін дамыту.
Дебаттың міндеттері: заң мен құқықтық тәртіпке құрметпен қарауды қалыптастыру; дәлелді пікірталас жүргізу және сыни ойлау дағдыларын дамыту; жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу; білім алушылардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру.
Дебат барысында қатысушылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ құқықтық қоғам құрудағы жастардың рөлін талқылады. Студенттер өз ұстанымдарын дәлелдермен негіздеп, түрлі өмірлік жағдайларды талдап, өзекті мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.
Іс-шара іскерлік және сындарлы жағдайда өтті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, пікірталас жүргізу мәдениетін және қарсы тараптың пікіріне құрметпен қарау қабілетін көрсетті.
Осындай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға және әлеуметтік мәселелерді ашық талқылау мәдениетін дамытуға ықпал етеді.



Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы
#адал_азамат


