СӨС қалыптастыру, білім алушыларда жауапты және қауіпсіз мінез-құлық

03.03.2021 ж Қостанай жоғары политехникалық колледжінде кураторлардың  әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Тақырыбы: «Салауатты өмір салтын СӨС қалыптастыру, сонымен бірге оқушылардың жауапкершілігі мен өзін-өзінің сақтаулағы қауіпсіздік тәртібі»

Мақсаты: педагогтарға әдістемелік көмек көрсету, студенттердің сабақтан тыс уақытта  тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және тәжірибе алмасу. Кураторлардың әдістемелік бірлестігінің отырысында  мына тақырыптарда сұрақтар қарастырылды:

1.Студенттердің  СӨС қалыптастыру 1ТП-28 тобының кураторы Горпенко Н.А, 1ЭМ-6 тобының кураторы Бондарева Н.И.

2.Дене тәрбиесі-спорт шараларында салауатты өмір салты негізінде дене тәрбиесінің оқытушысы Шишкин В.В.

3.Салауатты өмір салтын қалыптастыруда 2Э-11;1ХП-20 топтарының ата-аналарымен бірлескен жұмыстары,  кураторлар: Суюндукова Б.Б, Риженко Е.Т;

1ТП-28 тобының кураторы Горпенко Н.А, 1ЭМ-6 тобының кураторы Бондарева Н.И.

өздерінің баяндамаларында жеке тұлғаны тәрбиелеуде  салуатты өмір сүру салтының маңызы ерекше екенін атап көрсетті.

Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Шишкин В.В.өз баяндамасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда  және осы бағытта өткізілген іс-шаралардың барлығы 2020-2021 о.ж. І семестрде өз мақсатына жеткендігін айтты.

Суюндукова Б.Б, Риженко Е.Т. өз баяндамаларында 2Э-11;1ХП-20 топтарының ата-аналарымен бірлескен жұмыстарының салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызы зор екендігін тілге тиек етті.

Өз іс-тәжірибелерінде педагогтар оқушыларды тәрбиелнуде ата-аналармен бірлескен іс-шаралар топтардың бірлесуіне және кәсіби мәдениет элементтерінің  қалыптастыруына маңызы зор екендігін атап көрсетті.

Дайындаған ӘБ басшысы МО Контробаева Ж.Д.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
173 queries