- admin
- 20.10.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
Ұлттық мерекеміз – «Республика күнін» тойлауға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 19 қазан күні «Атамекен» тақырыбы бойынша бірыңғай колледжішілік патриоттық диктант өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты білім алушылардың азаматтық сана-сезімін дамыту, ел тағдырына қатыстылық сезімін және оның болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын арттыру.
Диктантқа колледждің 1-2 курсында оқитын 196 студент қатысты. Оның қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай алған жеңімпаздар анықталды: 1 орынды «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығы ПО-4 тобының студенті Айтенова Айдана, 2 орынды «Есеп және аудит» мамандығы Б-3 тобының студенті Сейден Аружан, 3 орынды Б-2 тобының студенті Илютаева Ботагоз иеленді.


