«Псевдодіни ағымдардың жағымсыз мәні туралы» дәріс09.02.2026
- admin
- 09.02.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 09 ақпанда ПО-12 тобында «Псевдодіни ағымдардың жағымсыз мәні туралы» тақырыбында дәріс өткізілді. Іс-шараға 25 студент қатысты.
Дәріс барысында псевдодіни ағымдардың белгілері, олардың таралу себептері және жастардың деструктивті ұйымдарға тартылуының ықтимал салдары қарастырылды. Сонымен қатар діни ақпаратты саналы қабылдау мен сыни ойласты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дәріс студенттердің діни және құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ деструктивті идеологиялардың алдын алуға ықпал етті.
Ақпаратты дайындаған:
Вдовиков А.А.



