Профориентация

2025 жылдың 28 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушылары — Ержаканова Л.Л., Назаренко С.А., Кенешов Д.Д., Журсиналина Г.С., Ескалиева Ш.Б. — Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты Рудный қаласы білім бөлімінің қарамағындағы КММ “№1 Жалпы білім беретін мектебінде”, КММ “№2 Гимназиясында”, КММ “№3 Жалпы білім беретін мектебінде”, КММ “№4 Мектеп-лицейінде”, КММ “№5 Гимназиясында”, КММ “Б. Майлин атындағы №7 Мектеп-гимназиясында”, КММ “№10 Мектеп-гимназиясында”, КММ “№13 Жалпы білім беретін мектебінде”, КММ “Д.М. Карбышев атындағы №14 Жалпы білім беретін мектебінде”, КММ “Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде”, КММ “Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде”, КММ “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде”, КММ “Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінде” 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға колледжде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілетін мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Әсіресе, қабылдау талаптары мен кәсіби даму мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында оқушыларға білім беру бағдарламалары мен қабылдау шарттары туралы ақпараттық-үгіт материалдары таратылды. Сонымен қатар, оқушыларға колледждің ресми әлеуметтік желідегі парақшаларына жазылып, студенттік өмір, жаңалықтар мен оқу орнында өткізілетін іс-шаралар туралы тұрақты ақпарат алып отыру ұсынылды.

Бұдан өзге, кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында оқытушылар колледж туралы бейнепрезентациялар көрсетіп, оқушылардың болашақта білім алу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білімнің қазіргі еңбек нарығы жағдайындағы маңыздылығы мен артықшылықтары кеңінен түсіндірілді. Кездесу барысында оқытушылар дұрыс мамандық таңдаудың табысты болашақ үшін маңызды екендігін ерекше атап өтіп, оқушыларды өз білім жолын саналы түрде жоспарлауға ынталандырды.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

170 queries