- admin
- 10.09.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
«Педагогтар мен ата-аналар: қақтығыстардың алдын алу»
2024 жылғы 9 қыркүйекте колледждің педагог-психологы Утебекова С.Г. колледж оқытушыларымен «Педагогтар мен ата-аналар: қақтығыстардың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында қақтығыстардың негізгі себептері, атап айтқанда, күтілетін нәтижелердің айырмашылығы және эмоционалды шиеленіс мәселелері талқыланды, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу әдістері қарастырылды.
Әсіресе, тиімді қарым-қатынас техникасына назар аударылды: белсенді тыңдау, «Мен-хабарламалары» және эмпатия. Педагогтар ата-аналармен жұмыс барысында кездесетін жағдайларды сахналап, осы дағдыларды іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.
Бұл іс-шара қатысушыларға ата-аналармен қарым-қатынаста ашықтық пен шынайылықтың маңыздылығын түсінуге, сондай-ақ қақтығыстарды шешу стратегияларын ұсынуға көмектесті.
#біртұтас_тәрбие



#Біртұтас_тәрбие