- admin
- 12.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 4–11 қыркүйек аралығында Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Шабыт» жобасы аясында «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челленджі өтті.
Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, туған-туыстарға құрметпен қарауды тәрбиелеу, студенттердің отбасына деген алғысы мен мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Челленджге 1-курс студенттері қатысты. Олар «Менің отбасым – менің байлығым» тақырыбында шығармашылық жұмыстар, суреттер дайындады. Әрбір жұмыс шынайылықпен және жылулықпен ерекшеленіп, жақындарына деген сүйіспеншілік пен құрметті бейнеледі.
Әсіресе отбасының қолдау, тәрбие және рухани байлықтың қайнар көзі екеніне назар аударылды. Студенттер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау маңызын атап өтті.
Бұл іс-шара әр адамның жетістігі мен табысының берік іргетасы – отбасы екенін айқын дәлелдеді.
Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы
Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі