- admin
- 10.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
Бүгін 09.09.25.жылы Б-8 тобында «Отбасы – адамзаттың бесігі» атты тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге отбасының қоғамдағы және жеке өмірдегі орны туралы түсінік беру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ананы сыйлауға, бірлікке тәрбиелеу, сонымен қатар жастардың отбасыға деген көзқарастарын талқылап, өз ойын еркін жеткізуге үйрету болды.
Сабақ барысында сұрақ-жауап, тренинг, жағдаяттық әдіс, дискуссия және пікірталас тәсілдері қолданылып, студенттердің белсенділігі артты. Әр қатысушы өз отбасы туралы мәліметтермен бөлісіп, түрлі жағдаяттарды шешу арқылы пікірін ортаға салды.
Жастардың отбасыға деген көзқарастары, өз ойларын еркін жеткізуі, бір-бірімен пікір алмасуы сабақты мазмұнды етіп қана қоймай, тәрбиелік маңызын да арттыра түсті. «Отбасы – адамзаттың бесігі» деген терең мәнді ойдың шынайы мағынасын ашқан бұл іс-шара студенттердің жүрегіне жылы әсер қалдырды.
Ашық тәрбие сағаты әсерлі де қызықты өтіп, қатысушыларға ой салды. Отбасы құндылықтарының баға жетпес екендігі тағы бір мәрте дәлелденіп, жастарды ата-ананы құрметтеуге, татулық пен сыйластықты бағалауға шақырды.
Дайындаған: Бексултанова А.К.





