- admin
- 14.05.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
2024 жылғы 7 мамырда Орталық саябақтың аумағында Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішінің жанында “Отан Қорғаушылар Күні” мемлекеттік мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, әскери қызметті насихаттау және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру.
Аталған іс-шараға ҚР ІІМ Қостанай Академиясының студенттері, “Жас Сарбаз” мамандандырылған сыныптары, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, оның ішінде “Жас Сарбаз” ӘПК Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері қатысты.
Аталмыш іс-шараға қатысушылар алдында саптық үйлесімділік, мәнерлеп шеру, қару-жарақпен және қарусыз қоян- қолтық ұрыс тәсілдері, самбо, дзюдо, еркін күрес элементтері көрсетілді.
Ақпаратты дайындаған: Нұрқанов М. К.
Фатхудинов Р. Р.
