- admin
- 23.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 22–23 қыркүйегінде Рудный қаласында колледж студенттері арасында жеңіл атлетикалық кросс бойынша Қазақстан Спартакиадасының облыстық кезеңі өтті.
Жарысқа Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері: Дарья және София Мазурова, Карина Иванова, Юлия Коренева, Полина Кудряшова, Әділ Терентьев, Андрей Боровков, Константин Зиборов, Александр Дейнега, Никита Литвинов, Ефим Лысенко және Дмитрий Трегубов қатысты.
Жарыстың бірінші күнінде қыздар 1 шақырымдық қашықтықты, ұлдар – 2 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті. Екінші күні 4х500 метрлік эстафета ұйымдастырылып, қыздар командасы тамаша нәтиже көрсетіп, 3-орынды иеленді.
Қорытынды командалық біріншілікте колледж құрамасы да құрметті 3-орынды жеңіп алды. Бұл жетістік студенттеріміздің бірлігі мен шыдамдылығын, жеңіске деген жігерін айқын көрсетті.
Аталған жарыс колледж студенттерінің рухани күш-жігері мен спорттық шеберлігінің жарқын үлгісі болып, оқу орнымыздағы дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.
Шишкин В.В, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы
#адал азамат




