Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері «Достар» КВН лигасының фестиваліне қатысты

2025 жылдың 30 қыркүйегінде Қостанай қаласында талантты және шығармашыл жастарды біріктірген «Достар» КВН лигасының фестивалі өтті. Аталған шараға Қостанай политехникалық жоғары колледжінің «5 Элемент» атты командасы қатысып, колледж намысын қорғады.                                                

Команда құрамына колледж студенттері енді:                                                       Шаймерденов Жасулан, Алимжанов Салимжан, Мирзаохмедов Мухамедали, Станкеев Данил, Марченко Ярослав.                                                                                                 Шара барысында техникалық және дыбыстық сүйемелдеу жұмысын Искеев Парвиз қамтамасыз етті.

«5 Элемент» командасы жоғары дайындық деңгейін, сахналық шеберлікті және ерекше әзілді көрсетіп, колледждің атын лайықты қорғады. Студенттердің өнері көрермендер мен фестиваль ұйымдастырушылары тарапынан жарқын, мазмұнды және әсерлі деп бағаланды.

Мұндай іс-шаралар студенттердің шығармашылық қабілеттерін, командамен жұмыс істеу дағдыларын, өз-өзіне деген сенімділігін дамытуға, сондай-ақ студенттік өзін-өзі басқару мен белсенді азаматтық ұстанымды нығайтуға ықпал етеді.

Колледж әкімшілігі «5 Элемент» командасының мүшелеріне белсенділігі мен оқу орнының абыройын қала деңгейінде жоғары деңгейде қорғағандары үшін алғыс білдіреді. Командаға шығармашылық табыс пен болашақта жаңа жетістіктер тілейміз!

Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

174 queries