Қостанай политехникалық жоғары колледжінің спорт алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған 1-4 курс студенттері арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Бұл жарыстың мақсаты:

колледж студенттері арасында футбол ойынын насихаттау;

студенттерді дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту;            

жарысқа қатысу үшін колледж құрамасын дайындау.               

Жарысқа колледж топтарының 14 командасы қатысты. Нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:

1 орын – М-13/14 тобы

2 орын – СП-25 тобы 

3 орын – М-12 тобы

Сонымен қатар студенттерге номинациялар бойынша грамоталар табысталды:

“Үздік қақпашы” Қаратай Саят (М – 12 тобы)     

“Үздік қорғаушы” Бисенов Диас (СП – 25 тобы)

“Үздік бомбардир” Горев Данил (в – 7 тобы) 

“Үздік шабуылшы” Литвинов Никита (М – 12 тобы)  

Ақпаратты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі дайындады

Петрущенко В.И.

#ЖеңіскеБірге #ВместекПобеде


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

174 queries