- admin
- 17.11.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 12–13 қараша аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында IT саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Аталған байқау педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық тәжірибені тарату және IT саласындағы заманауи оқыту әдістерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша КГКП «Қостанай политехникалық жоғары колледжінің» педагогтері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
IT саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы
ІІІ орын — Давыдов Александр Владимирович
ІІІ орын — Машенькин Иван Сергеевич
Колледж педагогтері кәсіби білімінің тереңдігін, практикалық дағдыларын және заманауи цифрлық технологияларды білім беру үдерісінде тиімді қолдана алатынын дәлелдеді.
Бұл жетістік — педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылысының, шығармашылық ізденісінің және білім беру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесі.
Қостанай политехникалық жоғары колледжі өз педагогтерін мақтан тұтады және техникалық әрі кәсіптік білім беру жүйесінде білікті, заманауи мамандарды даярлауға үлес қоса бермек.



