- admin
- 01.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
1 қыркүйекте Қостанай политехникалық жоғары колледжінде жалпыколледждік ата-аналар жиналысы өтті. Жиынның басты тақырыбы – оқу орнында енгізіліп жатқан білім алушылар арасындағы травляның (буллингтің) алдын алу бағдарламасы «ДосболLIKE»-тың мақсаты, міндеттері мен жұмыс әдістерін түсіндіру болды.
Жиналысты колледж директоры Қаткенов Қ.А. ашып, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруда педагогтар мен ата-аналардың бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.
Күн тәртібі бойынша сөз сөйлегендер:
- Щербакова И.А., оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, оқу процесін ұйымдастыруға жан-жақты тоқталды;
- Муслимова Е.А., әлеуметтік педагог, студенттерге көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер мен психологиялық қолдаудың маңызы туралы баяндады;
- Мадин В.А., оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, ата-аналарды тәжірибеге бағытталған оқыту және өндірістік тәжірибенің бағыттарымен таныстырды.
Өткен жиналыс студенттердің тәрбиесі мен білім алуындағы негізгі мәселелерді талқылауға, отбасы мен колледж арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға маңызды алаң болды. Қатысушылар «ДосболLIKE» бағдарламасының өзектілігін атап өтіп, оны табысты жүзеге асыру үшін бірлесе еңбек етуге дайын екендіктерін білдірді.

Сейдахметова Ж.Ж., педагог-ұйымдастырушы


