Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері колледжде дәріс өткізді

2025 жылғы 28 қазанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуымен «Репродуктивті денсаулық және жыныстық тәрбие. Контрацепция әдістері» тақырыбында танымдық дәріс өтті.

Кездесудің мақсаты – жастардың репродуктивті денсаулықты сақтау туралы білімін арттыру, өз денесіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және жыныстық мінез-құлықтағы қауіптердің алдын алу.

Іс-шараның спикерлері:

  • Жумасултанова Жадыра Өмірбекқызы – Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің кураторы;
  • Стецюк Евгения – ДНК клиникасының дәрігер-гинекологы;
  • Платонкина Евгения«Әйел денсаулығы KZ» әлеуметтік-ағартушылық жобасының өкілі.

Спикерлер репродуктивті денсаулық ұғымы, жасөспірімдердің физиологиялық дамуының ерекшеліктері, жыныстық тәрбиенің маңызы туралы жан-жақты айтып, студенттерді заманауи контрацепция әдістерімен және ерте жыныстық қатынастың жағымсыз салдарын болдырмау жолдарымен таныстырды.

Дәріс барысында студенттер тақырыпқа ерекше қызығушылық танытып, өзекті сұрақтар қойып, пікірталасқа белсенді қатысты. Мамандар мұндай ашық және сенімді әңгімелер жастардың дұрыс өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға және өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесуге Б-9, 2Б-7, 1ХП-27, 1СТ-9, 2СТ-8, 2ХП-26 топтарының студенттері қатысты. Дәріс үлкен қызығушылық тудырды, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, мамандарға сұрақтар қойды.

Осындай іс-шаралар жастар арасында салауатты өмір салты мәдениетін және репродуктивті денсаулық мәселелеріне саналы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.

                   Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы #адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries