Қостанай қаласындағы № 8 мектепте талапкерлердің ата-аналарымен кәсіптік бағдар беру кездесуі

6 сәуір күні колледж өкілдері Контробаева Ж.Д. және Задорожнюк В.В. Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 8 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де өткен ата-аналар жиналысына қатысты.

Кездесу барысында болашақ талапкерлердің ата-аналарына колледж мамандықтары, қабылдау шарттары және түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандықтардың еңбек нарығындағы сұранысы мен әрі қарай білім алудың мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Жиналысқа қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, болашақ мамандықты таңдауға қатысты ұсыныстарға ие болды.

Мектеп әкімшілігіне шақыру, жылы қабылдау және ата-аналар жиналысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да өзара тиімді ынтымақтастық жалғасады деп сенеміз.

Ақпаратты дайындаған: Контробаева Ж.Д.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *