«Қоршаған ортаға қамқорлық әрбір адамнан басталады»

Қазіргі әлемде экология мәселесі барған сайын өзекті бола түсуде. Оқушылардың бойында экологиялық сананы және әрбір адамның үлесі маңызды екенін түсінуді дамыту маңызды. Экологиялық сауаттылықты арттыру және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған іс-әрекеттерге ынтасын арттыру мақсатында колледжде 1-4 курс студенттеріне «Қоршаған ортаға қамқорлық әрбір жеке адамнан басталады» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.

Мақсаттар:

• Оқушылардың экологиялық мәселелер туралы хабардарлығын арттыру.

• Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

• Оқушыларды экологиялық бастамаларға қатысуға ынталандыру.

Пікірталас барысында студенттер экологиялық проблемалардың себептерін, олардың салдарын және ықтимал шешу жолдарын талдады; нақты экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған шағын жобалар әзірленді; экологиялық тақырыптарға арналған мақалалар, бейнероликтер мен презентацияларды талдады.

Өткізілген кураторлық сағаттар студенттердің экологиялық белсенділігін арттыруға ықпал етті. Студенттер проблемаға қызығушылық танытып, қоршаған ортаны қорғау бойынша нақты іс-шараларға қатысуға дайын екендіктерін көрсетті.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру колледждегі тәрбие жұмысының маңызды міндеті болып табылады. Мұндай кураторлық сағаттарды өткізу студенттердің табиғатты сақтаудағы рөлін түсінуге және экологиялық қозғалыстың белсенді қатысушыларына айналуға көмектеседі.

Ақпаратты топ жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Амантаева С.К.

#біртұтас_тәрбие


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries