- admin
- 05.05.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 5 мамырында колледжде Отан қорғаушылар күніне арналған әскерилендірілген спартакиада өтті. Іс-шара жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызметке даярлау шеңберінде өтті.
Жарысқа Б-7, М-13, М-14, ПО-8, СТ-8, ТЗ-30 топтарының бірінші курс студенттері қатысты.
Әскерилендірілген спартакиада бағдарламасы келесі кезеңдерді қамтыды: әскери киім кию, пневматикалық мылтықтан ату, белтемірде тартылу, жаппай қырып-жою қаруынан қорғану, Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыру, оқжатарды оқпен жабдықтау, граната лақтыру.
Болашақ Отан қорғаушылар дене шынықтырудың жоғары деңгейін, жауынгерлік рухты, ептілікті, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілермен жұмыс істеу қабілетін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша: 1 орын – иеленді Тукаев Алдияр (топ ПО-8), 2 орын алды – Распертов Тимур (топ ТЗ-30), 3 орын алды – Кубегенов Арафат (топ М-14).
Ақпаратты АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары
Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.
#ЖеңіскеБірге
