«Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында Облыстық кәсіби шеберлік конкурсының 1 кезеңінің нәтижелері

2024 жылғы 9 ақпанда Қостанай  жоғары политехникалық колледжінде «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында Облыстық кәсіби шеберлік конкурсы шеңберінде ТжКББ педагогтарының кәсіби шеберлігін және мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру мақсатында конкурстың екінші кезеңіне қатысушыларды іріктеу өткізілді.

Байқаудың бірінші кезеңінде педагогтар прокторинг рәсімімен онлайн-тестілеуден өтті. Қостанай облысы колледждерінің 13 педагогы қатысып, конкурстың екінші кезеңіне ең көп балл жинаған 5 педагог өтті: Рядинская И.А. (Қостанай политехникалық жоғары колледжі), Алиева Г.А. (Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі), Горбатенко Т.М. (Рудный технология және қызмет көрсету колледжі), Савина О.И. (Қостанай қызмет көрсету колледжі), Карлышева Ю.С. (Қазақстан агротехникалық колледжі).

Екінші кезеңде қатысушылар ең үздік кәсіби портфолио шеберлігінде, нан-тоқаш өнімдерін дайындауда жарысады – ұйытқымен жасалған қара бидай наны, пикантты тағам, қатпарлы өнімдер (түрлі-түсті круассандар).

Барлық қатысушыларға конкурсқа қатысқаны үшін, оны қолдағаны және дамытқаны үшін алғыс білдіреміз. Байқаудың 2 кезеңіне қатысушыларға жеңіс пен табыс тілейміз!

Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Кайпбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
173 queries