Нағыз мамандардың түлеп шығуы

1219000 “Нан пісіру, макарон және кондитерлік  өндірісі” мамандығы бойынша дипломдық жобаларды қорғау түрінде өткізілген қорытынды аттестаттау студенттердің еңбек қызметіне дайындық деңгейін анықтады.

Білімдерінің, біліктер мен дағдыларының деңгейін объективті бағалау мақсатында құрамына кәсіпорындардың үздік мамандары кіретін келесідей бейтарап комиссия құрылды:

– Ермухамбетова Гульжанат Ураловна- «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС зертхана меңгерушісі;

– Шаповалова Наталья Николаевна- «Баян-Сулу» АҚ өндіріс бөлімінің бастығы;

– Есеева Гайния Калимжановна- М.Дулатов атындағы «Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің» а/ш ғылымдарының кандидаты, профессор;

– Семенова Елена Михайловна – «Баян-Сулу» АҚ шоколад цехының ауысым шебері.

Дипломдық жобаларды қорғау барысында студенттер нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін дайындау технологиясы мәселелерінде кәсіби дайындықтың жақсы деңгейін көрсете білді. Комиссия ұсынылған жұмыстардың қала және  облыстың тамақ кәсіпорындары өндірісіне енгізу үшін өзекті мен маңызды екенін атап өтті.

Комиссия мүшелері С. Раймбектің, М. Агетаеваның, Я. Вольфтың, М. Едыгаровның, Е. Жабчиктің, Д. Доронинаның, А. Шевченконың, Д. Козинаның, С. Бергимбаеваның дипломдық жобаларын үздік деп бағалады.

 

Мақаланы әзірлегендер: М. Ахмадиева, И.Рядинская, Балгужинова Ж.Е.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
173 queries