- admin
- 24.02.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 21 ақпанда АӘжТД оқу-әдістемелік орталығының базасында Ұлы Отан соғысының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай Қостанай облысының әскери-патриоттық клубтары арасында пневматикалық мылтықтан ату бойынша облыстық жарыстар өтті.
Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында ел азаматының жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, әскери қызметті насихаттау және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру, жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру болып табылады.
Аталған іс-шараға 24 әскери-патриоттық клуб, оның ішінде “Жас сарбаз”ӘПК-нің Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері қатысты. Ережеге сәйкес, команда құрамы 4 адам (14-17 жас аралығындағы ұлдар), 2 адам (14-17 жас аралығындағы қыздар) қатысты. Бұл ТЗ-30, Э-15 топтарының студенттері.
Балалар пневматикалық мылтықтан атудан жарысты. Ұлдар мен қыздардың атудың бастапқы позициясы – отырып, қолымен тіреп ату болды.
Жарыс қорытындысы бойынша “Жас сарбаз” ӘПК жалпы командалық төртінші орынға ие болды, сонымен қатар жарысқа қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.
Ақпаратты АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушылары
Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.
#Біртұтас_тәрбие

