- admin
- 01.03.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау шеңберінде 2022 жылғы 27 ақпанда Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 33 жылдығына және ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған Қостанай облысының әскери-патриоттық клубтары арасында пневматикалық винтовкадан оқ атудан ашық Чемпионат өтті.
Аталған іс-шараға 21 әскери-патриоттық клуб, оның ішінде Қостанай политехникалық жоғары колледжінің “Жас Сарбаз” ӘПК студенттері қатысты. Ережеге сәйкес команда құрамы 2 адам (14-15 жас аралығындағы ұлдар) және 2 адам (16-17 жас аралығындағы ұлдар), 2 адам (14-17 жас аралығындағы қыздар) қатысты. Олар ХП-21, Э-13, ЭС-17, ТП-27, ХП-22 топтарының студенттері.
Іс-шараның мақсаты: қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жасөспірімдерді ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындау, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, Қостанай облысының әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтарының жұмыс байқауы.
Балалар пневматикалық қарудан атудан жарысты. Ұлдар мен қыздар (16-17 жас) – орнынан тұрып, ал ұлдар мен қыздар (14-15 жас) – орнында отырып атты.
Жарыс қорытындысы бойынша “Жас Сарбаз” ӘПК командасы қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.
Ақпаратты дайындаған: Фатхудинов Р.Р.
Нұрқанов М.К.




