«Мереке бізге келеді»: колледжде жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды

2025 жылғы 24 желтоқсанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Мереке бізге келеді» атты жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі өтті. Аталған шара Жаңа жыл қарсаңындағы жарқын әрі есте қаларлық оқиғалардың біріне айналды.

Іс-шараның мақсаты – колледжде мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, студенттік ұжымдағы достық қарым-қатынасты нығайту және білім алушылар мен оқытушылардың жағымды эмоционалдық ахуалын қалыптастыру.

Мерекелік бағдарлама жүргізушілердің құттықтау сөздерімен және әсерлі би нөмірімен басталды. Шараның ерекше сәнін басты жаңа жыл кейіпкерлері — Аяз ата мен Ақшақардың келуі кіргізді. Олар қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Студенттер көңілді хороводқа қатысып, жаңа жылдық өлеңдер оқыды және мерекелік бағдарламаны белсенді түрде қолдады. Шараның ең әсерлі сәті — шыршаның шамдарын салтанатты түрде жағу болды, бұл сәт қатысушылардың зор қошеметімен сүйемелденді.

Мереке жылы әрі достық атмосферада өтіп, барша қатысушыларға қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй және нағыз жаңа жылдық әсер сыйлады. Аталған іс-шара оқу жылының жарқын қорытындысы болып, студенттер мен оқытушылардың жадында жағымды әсер қалдырды

Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы

 #адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

178 queries