- admin
- 16.10.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
15 қазан күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Менің Республикам» («Менің Республикам – Моя Республика») тақырыбында дебаттар өтті. Іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылып, студенттердің патриоттық сезімін және азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталды.
Дебаттың мақсаты – студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту және өз ойларын дәлелмен жеткізе білу қабілеттерін жетілдіру болды.
Дебатқа 1ПО-12 тобының студенттері қатысты, Отанға деген сүйіспеншілік, ел дамуына жастардың қосатын үлесі, тәуелсіздікті сақтау мен ұлттық құндылықтарды бағалау жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.
Пікірталас өзара құрмет пен ашық диалог жағдайында өтті. Қатысушылар ойларын еркін жеткізіп, пікірін нақты дәлелдермен негіздей білді.
Іс-шара студенттер үшін Қазақстанның болашағы туралы ой бөлісіп, идеялар алмасуға мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналды. Сонымен қатар, дебаттар жастардың сыни тұрғыдан ойлауын, коммуникативтік қабілеттері мен шешендік өнерін дамытуға ықпал етті.
Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы
#адал_азамат #RepublikDay #25Қазан #Декларация35жыл



