Мемлекеттік қызмет маңызды

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай политехникалық жоғары колледжі” КМҚК-да Қостанай облысының мемлекеттік мекемелерінің өкілдері болды. Колледж студенттерімен ұйымдастырылған диалог алаңы болашақ түлектерге мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері туралы білуге мүмкіндік беретін кәсіптік бағдар беру жұмысына арналды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Гүлбану Жұманқызы Қабылова өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа орналасуына, еңбекақысына, жұмыс ерекшелігіне қатысты барлық мәселелерді ашып, мемлекеттік органдардың қызметкерлері кездесетін міндеттер мен сын-тегеуріндерге тоқталды.

Қостанай қаласы әкімі аппаратының кадр қызметінің басшысы Мукатова Меиз Бериковна студенттерді мемлекеттік қызметшілер лауазымына үміткер кандидаттарға қойылатын талаптармен таныстырып, осы саладағы кәсіби өсу мен даму мүмкіндігіне назар аударды.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

176 queries