- admin
- 25.02.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 25 ақпанында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары Иргибаева Д.К., Кукенова Б.К. «Қостанай қаласы білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ 9-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.Іс-шараның мақсаты мектеп оқушыларын Қостанай политехникалық жоғары колледжінде оқу мүмкіндіктері, сонымен қатар колледжді бітіргеннен кейін игеретін мамандықтарды таңдау туралы ақпараттандыру болды. Колледж оқытушылары студенттерге мамандықтар, өндірістік тәжірибеден өту орындары, студенттік өмір және оқу орнына түсу ережелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Колледж түлектерінің жұмысқа орналасу перспективаларына, сондай-ақ қолданбалы бакалавриат деңгейінде оқуын жалғастыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Шара мектеп оқушыларының қызығушылығын тудырып, талқылауға белсене қатысып, мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды.
Ақпаратты дайындаған: Иргибаева Д.К., Кукенова Б.К.


