- admin
- 06.12.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
6 желтоқсанда «Қостанай политехникалық жоғары колледжі» КМҚК-да оқу топтарының жетекшілері «Мейірімділік сабақтары» кураторлық сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты болашақ мамандардың мүгедектігі бар адамдарға толерантты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу болды. Кураторлық сағат барысында студенттер инклюзиямен байланысты маңызды мәселелерді талқылады: инклюзия дегеніміз не және ол неге маңызды? Мүгедектігі бар адамдар туралы қандай стереотиптер бар және олар неліктен дұрыс емес? Мүгедектігі бар адамдарға қалай көмектесуге болады?
Теориялық бөлімнен басқа, кураторлық сағат аясында түрлі интерактивті жаттығулар мен пікірталастар өткізілді. Студенттер рөлдік ойындарға үлкен қызығушылықпен қатысып, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынастың түрлі жағдайларын моделдеді. Мұндай іс-шаралар жастарда гуманистік құндылықтарды қалыптастыру үшін өте маңызды.
Іс-шараға қатысушылар саны 879 адамды құрады.