- admin
- 26.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 25 қыркүйегінде 1–2 курс студенттері үшін «Ойынға сауатты көзқарас» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Іс-шараны Моргунова Е.А. мен Нұрсамал Қайырғалиқызы жүргізді. Негізгі аудитория – ойынға саналы қатынас пен психологиялық саулықты сақтауға қызығушылық танытқан бірінші курс студенттері болды.
Мастер-класстың мақсаты – қатысушылардың ойын әрекетіне саналы әрі сауатты көзқарасын қалыптастыру, ойын мен оқудың арасындағы тепе-теңдікті сақтау, эмоционалды тұрақтылықты дамыту, сондай-ақ ойынға тәуелділіктің алдын алу.
Іс-шара барысында Моргунова Е.А. геймерлерге арналған тайм-менеджмент жаттығуын өткізді, онда студенттер өздерінің күн тәртібін жасап, ойынға, оқуға және демалысқа уақытты теңдей бөлуге үйренді. Сондай-ақ «Помодоро» әдісі сияқты тәсілдермен танысты.
Келесі жаттығуды Нұрсамал Қайырғалиқызы жүргізді. Ол эмоционалды бақылау тақырыбында болды: қатысушылар күйзелісті азайту мен эмоцияны бақылауға арналған тыныс алу техникасын меңгерді. Кейін студенттер өздерінің хоббиімен бөлісіп, ойынға қатысы жоқ жаңа хоббилер ойлап тауып, жаңа дағдыларды дамыту мен өзгеше демалудың жолдарын қарастырды. Сонымен қатар арқа мен көзге арналған жаттығулар жасалып, ұзақ ойын сеанстары кезінде денсаулықты сақтау ережелері талқыланды.
Мастер-класс белсенді өтті, студенттер алынған дағдыларды дамытуға үлкен қызығушылық танытты.
Нұрсамал Қайырғалиқызы, психологы
#адал_азамат





