Мамандықты аш: колледжге сапар

2026 жылдың 26 наурызы күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінде Лисаковск қаласындағы Октябрьская жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары үшін кәсіби бағдарлау іс-шарасы өтті. Іс-шараға болашақ мамандықтарын таңдауда тұрған 16 оқушы қатысты.

Іс-шара барысында оқушыларға колледждің дайындық бағыттары, оқу шарттары және түлектерді кейінгі еңбекке орналастыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Кәсіби бағдарлау кездесуі оқушыларға тек теориялық мәлімет алу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар оқу зертханалары мен шеберханаларында практикалық сабақтармен танысуға да мүмкіндік берді.

Оқушылар келесі мамандықтармен танысты: технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару, электрмен қамтамасыз ету, бағдарламалық қамтамасыз ету, нан өнімдері, макарон және кондитерлік өндіріс, стандартизация, метрология және сертификаттау, есеп және аудит, элеватор, ұн, жарма және мал азығы өндірісі, машина жасау технологиясы.

Практикалық сабақтар оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігінде өтті. Қатысушылар тапсырмаларды құрал-жабдықтармен орындап, сұрақтарын қойып, кәсіби қызметтің нақты жағдайымен танысты.

Өткізілген іс-шара оқушылар арасында жағымды пікір туғызды және олардың кәсіби өзін-өзі анықтауында маңызды кезеңге айналып, қызығушылықтарын айқындауға және болашақ оқу жолдарын жоспарлауға мүмкіндік берді.

Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *