Мамандық таңдау

Мектеп бітірушілер үшін көп қол жетімді мамандықтың ішінде саналы өмірлік таңдау жасайтын жауапты уақыт таяп қалды.

13.02.2025 ЖЫЛЫ “ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ № 28 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ” КММ-де кәсіптік жәрмеңке өткізіліп, арнайы пәндер оқытушысы Шаракулова А.А. және “Бағдарламалық Қамтамасыз ету” мамандығының студенттері Қыпшақбай Әбіл-Мансұр мен Айдос Әли және “Бухгалтерлік есеп және аудит ” мамандығының студенті Шаймерденов Жасұлан кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Мектеп оқушыларымен сұрақ-жауап түрінде әңгіме өрбіді. Мектеп оқушылары Қостанай политехникалық жоғары оқу орнында қандай мамандықтар оқытылады, оқуға және тұруға қандай жағдай жасалғанын, студенттеріміздің бос уақытында немен айналысатынын және т.б. сияқты өздеріне қызықты сұрақтарын қойды.

Мұндай кездесулер көбінесе мектеп оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.

Шаракулова А.А.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
177 queries