Мамандық таңдау

Мектеп бітірушілер үшін көп қол жетімді мамандықтың ішінде саналы өмірлік таңдау жасайтын жауапты уақыт таяп қалды.

Мамандық таңдау – кез келген адамның өміріндегі өте маңызды кезең. Көбінесе мектеп оқушылары үшін шешім қабылдау өте қиын, әсіресе олар өмірде өз жолын таппаса. Мәселе мынада, бұл жастағы адам өзін және өмірдегі орнын іздейді, көбінесе ол қалай болу керектігін және не істеу керектігін білмейді. Бұл мәселені психологтардың, мұғалімдердің және баланың бірлескен күшімен шешу керек.

2024 жылдың 12 желтоқсанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары М.Қ.Нұрқанов пен А.А.Шаракулова М.Хакімжанова атындағы №20 орта мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Мектеп оқушыларымен сұрақ-жауап түрінде әңгіме өрбіді. Мектеп оқушылары Қостанай политехникалық жоғары оқу орнында қандай мамандықтар оқытылады, оқуға және тұруға қандай жағдай жасалғанын, студенттеріміздің бос уақытында немен айналысатынын және т.б. сияқты өздеріне қызықты сұрақтарын қойды.

Мұндай кездесулер көбінесе мектеп оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.

Шаракулова А.А. Нурканов М.К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
173 queries