- admin
- 04.04.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
Кәсіптік бағдарлау мектеп оқушыларын болашақ мамандығын таңдауға дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді.
01.04.2022 жылы Қостанай жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары Д.К. Иргибаева, О.В. Брозе, Б.Д. Есенгельдина және Г.С. Журсиналина №1 Затобол ОМ, Мичурин ОМ және Алтынсарин ОМ 9 сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді.
Оқушылармен әңгімелесу барысында педагогтар колледждің даму тарихы туралы айтып, дайындық жүргізіліп жатқан мамандықтармен таныстырды және оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімін айтты.
Оқытушылар талапкерлерді «Ашық есік күнінде» колледжге келіп, түрлі мамандықтар бойынша шеберлік сабақтарына қатысуға шақырды.