Лекция на тему «Проблема распространения синтетических наркотиков»

2026 жылғы 25 ақпанда «Қостанай политехникалық жоғары колледжінде» «Синтетикалық есірткілердің таралу мәселесі» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті. Студенттер алдында Қостанай қаласы ПБ СОП бастығы, полиция подполковнигі Коника А.В. сөз сөйледі.

Кездесу барысында спикер синтетикалық есірткі заттарының таралуына байланысты қазіргі ахуал туралы жан-жақты мәлімет беріп, олардың интернет пен әлеуметтік желілер арқылы таралу тәсілдері, сондай-ақ жастарды құқыққа қарсы әрекеттерге тарту жолдары туралы айтты. Тыйым салынған заттарды сақтау, пайдалану және тарату үшін көзделген құқықтық жауапкершілікке ерекше назар аударылды.

Полиция подполковнигі студенттерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын түсіндіріп, есірткінің заңсыз айналымына бір реттік қатысудың өзі ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Мұндай құқықбұзушылықтар жас адамның болашағына, кәсіби мансабына және жеке өміріне кері әсерін тигізетіні ескертілді.

Сонымен қатар дәрісте синтетикалық есірткілерді қолданудың медициналық және әлеуметтік салдары қарастырылды. Бұл заттардың тез тәуелділік тудыратыны, адамның денсаулығына, әсіресе психикалық және физикалық жағдайына айтарлықтай зиян келтіретіні айтылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті: студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті маманнан нақты жауаптар алды. Осындай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың ақпараттану деңгейін көтеруге және білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Колледж әкімшілігі Қостанай қаласы Полиция басқармасына студенттермен жүргізілген профилактикалық жұмысқа қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Ақпаратты дайындаған: Муслимова Е.А..


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *