- admin
- 18.09.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
Бүгін Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай “Өлең – сөздің патшасы” атты әдеби кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты-Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын, қазақ поэзиясын дәріптеу және өскелең ұрпаққа ұлттық рухани құндылықтарды сіңіру.
Іс-шараға бірінші курс студенттері қатысты. Студенттер көрермендерге Абайға арналған өлеңдерін ұсынды . Кеш барысында Абай әндері шырқалды, оның өлеңдерінен үзінділер мен шығармалар қазақ және орыс тілдерінде оқылды. Білім алушылар Абай туралы ойларымен бөлісті, ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына терең бойлады.
Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шарада оның мәңгілік мұрасы тағы да қайта жанданды. Әдеби кеш соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Ақпаратты дайындаған:Бейсенова Х.Б.




