КПВК-ның «Таза өлке» акциясына қатысуы

2026 жылғы 11 сәуірде Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары мен студенттері «Таза өлке» экологиялық акциясына белсене қатысты. Аталған іс-шара аясында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу және аумақтарды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылды: колледж ұжымы бірлесіп сенбілікке шығып, қыс бойы жиналған қоқыстардан өздерінің және оған іргелес аумақтарды тазартты. «Таза өлке» акциясына қатысу КПВК үшін экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған қаланың тазалығын сақтауға қосылған маңызды үлес болды. Бұл шара оқытушылар мен студенттердің бірлігін және азаматтық жауапкершілігін айқын көрсетті.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *