Колледжтегі ақпараттық-профилактикалық іс-шара: «Нашақорлық – менің таңдауым емес!»

12 маусым күні колледждің акт залында «Нашақорлық – менің таңдауым емес!» атты кең көлемді профилактикалық іс-шара өтті. Бұл кездесу «Өмірге салауатты қадам» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға бірінші курс студенттері – барлығы 278 студент қатысты. Оларға салауатты өмір салты, нашақорлықтың зияны, электронды сигареттер мен вейптер туралы маңызды әрі пайдалы ақпарат ұсынылды.

Шараның басты мақсаты – студенттер арасында есірткі заттарына қарсы тұрақты теріс көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің салдары туралы хабардар ету.

Кездесу барысында студенттермен нарколог-дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері кездесті. Олар жастар арасындағы нашақорлық мәселесін, оны алдын алу жолдарын және психобелсенді заттарды заңсыз тұтыну мен таратудың құқықтық жауапкершілігін түсіндірді. Мамандар нақты өмірден алынған мысалдар келтіріп, әрбір адамның күнделікті қабылдайтын шешімдері оның болашағы мен денсаулығына тікелей әсер ететінін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, Қостанай қаласындағы №2 емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары сөз сөйледі. Олар электронды сигареттер мен вейптердің зияны, сондай-ақ олардың әсерінен туындайтын ауыз қуысы аурулары туралы профилактикалық ақпарат берді. Сонымен қатар, жеке бас гигиенасын сақтау және ауыз қуысын күтудің маңыздылығы туралы кеңестермен бөлісті.

Іс-шара студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Олар мамандарға белсенді түрде сұрақтар қойып, кәсіби әрі нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың медициналық және құқықтық сауаттылығын арттырып, өз денсаулығына саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

Мускина Ж. Ж., педагог-ұйымдастырушы

  #Біртұтас_тәрбие


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

176 queries