- admin
- 28.10.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 24 қазанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі” КМҚК базасында “Заманауи сабақ: студенттерді сапалы даярлаудың мүмкіндіктері мен перспективалары” тақырыбы бойынша директорлардың оқу және оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған оқу-әдістемелік бірлестік жұмысы шеңберінде брейнсторминг өтті. Отырысты өткізу барысында ТжКБ әдіснамасы және мазмұны басқармасының бастығы Әмір Қымбат Қайыркенқызы сөз сөйлеп, бағдарламаның Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (major (мейгер) және бағдарламаның Minor (минор) енгізілген өзгерістерді түсіндірді.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Әдістемелік орталық” КММ басшысының орынбасары Марал Меңдібайқызы Бокаева брейнстормингке қатысушыларды құттықтап, оларға жемісті жұмыс тіледі.
Директор орынбасарларының назары Қарасу ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушылары өткізген ашық сабақтарға аударылды:
– Авдеева И. Б. және Тлегенова З.Б. “Белоктар. Майлар. Көмірсулар” (биология / химия);
– Қазбеков Е. А. “Фитнес-технологияларды қолдана отырып, волейболда допты қабылдау және беру” (дене шынықтыру);
– Омарова С. А. “Брусчеттер мен канапе: түрлері, ресімделуі және берілуі” (өндірістік оқыту).
Брейнсторминг барысында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі” КМҚК оқытушысы Р.С. Ботаева “Қазақстандағы цифрлық технологиялардың бүгіні мен болашағы. Оңашаланған айқындауыштары сөйлемдердегі тыныс белгілері” (орыс тілі) тақырыбынды қонақтық сабақ өткізді. Өткізілген шеберлік сынып аясында А. Н. Недайборщ пен К.М. Тоқмағамбетов қатысушыларды білім беру процесінде Neurosphere платформасын пайдалана отырып таныстырды.
Қатысушылар Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қарасу ауданының білім бөлімінің “Нұр сәби” балабақшасы КМҚК “Кәсіп ойнайық” жобасы аясында балабақша-мектеп-колледж қатысқаны экскурсиядан жағымды эмоциялар алды.
Өткізілген брейнсторминг пікір алмасуға және оқу сабағының тиімділігі туралы жалпы түсініктерді дамытуға ықпал етті. Әрбір қатысушы білім беру процесінің кәсіби дамуына және сапасының өсуіне ықпал ететін жаңа идеялар алды.
Директордың ОЖ жөніндегі орынбасары
И. А. Щербакова







