KamLitKZ-тегі Машина жасау күні – еңбек пен шығармашылық мерекесі

26 қыркүйек күні KamLitKZ аумағында жарқын да есте қаларлық оқиға – Машина жасау күні аталып өтті. Бұл күн тек кәсіби мереке ғана емес, кәсіпорын қызметкерлері үшін нағыз қуанышқа айналды.

Билер, әуезді әндер, жүрекжарды құттықтаулар және, әрине, үздіктерге берілген марапаттар – бәрі де бірлік пен мамандыққа деген мақтаныш сезімін арттыра түсті. Өйткені машина жасаушылар – өз қолымен бүгінді құрып, Қазақстан өнеркәсібін алға жылжытатын жандар.

Мерекелік көңіл-күйді көтеруде Қостанай политехникалық жоғары колледжінің волонтерлері ерекше үлес қосты. Олар кәсіпорын қызметкерлеріне арнап концерттік бағдарлама дайындады. Сахнада «Мирас» би ансамблі жұмысшы мамандықтарға арналған әсерлі билерін ұсынды, ал Жасмин Асылбекова мен Адель Тулкенова «Hey yo» әнін орындап, Сабина Әдебиет «Самға» композициясымен көрермендерді қуантты.

Мереке шынайы энергияға, жылы атмосфераға және ұйымшылдық рухына толы өтті. KamLitKZ-тегі Машина жасау күні тағы да дәлелдеді: мықты команда мен өз ісіне деген сүйіспеншілік – алға жылжудың және жаңа жетістіктерге жетудің кепілі!

Сейдахметова Ж. Ж., педагог-ұйымдастырушы


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries