- admin
- 13.01.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
Террорлық әрекеттердің алдын алу, патриотизмді қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа, терроризмге және экстремизмге жол бермеу сезімін ояту, профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында 13 қаңтар ХП-26 тобында «Кәмелетке толмағандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрістің мақсаты – ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, сондай-ақ жастар арасындағы түрлі жанжалдардың алдын алу.
Дәріс тек профилактикалық сипатта ғана емес, сонымен қатар ескерту сипатында болды, егер күдікті заттар немесе күдікті әрекеттер анықталса, бұл туралы не ересектерге, не құқық қорғау органдарына хабарлау қажет екендігі айтылды.
Ақпаратты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы: Шектыбаева Л.Ф.