“Игі істер марафоны”
- admin
- 04.05.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
2022 жылдың 26 сәуірінде «Игі істер марафоны» акциясы аясында ЭC-20 тобының студенттері Helper Box жобасына қатысты. Бұл жоба мұқтаж жандарға пайдаланылған заттарды жинауға бағытталған. Helper Box қаланың қақ ортасында, Орталық әмбебап дүкенге қарама-қарсы Грос дүкенінде орналасқан. Мұндай қораптар Art Nouveau стиліндегі қайырымдылықтың жаңа тәсілі болып табылады. Бұл Батыста кең таралған тәжірибе, Қостанайдың прогрессивті қала ретінде бұл идеяны қолдап отырғаны қуантады.
Мақаланы дайындаған шет тілі пәнінің мұғалімі: Жумағулова Токжан Кенесбековна